Жаңалықтар
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жылдам шахмат бойынша қалалық біріншілікте үздік атанды
09 қазан 2025 11:31
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Қазақстан Республикасы күніне арналған жылдам (рапид) шахмат бойынша қалалық біріншілікте үздік нәтиже көрсетті.
Жарысқа қала мектептерінің 14 жасқа дейінгі оқушылары қатысты. Нәтижесінде 7 сынып оқушысы Дария Қасен мен 10 сынып оқушысы Амир Қошман өз санаттарында бірінші орындарға ие болды.
Жас шахматшылар қарсыластарын ойсырата жеңіп, жоғары дайындық пен стратегиялық ойлаудың үлгісін көрсетті. Дария мен Амирді лайықты жеңістерімен құттықтап, облыстық және республикалық додаларда сәттілік тілейміз!