Жаңалықтар
Петропавлдағы NIS мұғалімдері өңір ұстаздарымен тәжірибе алмасты
08 қазан 2025 11:35
Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің тәжірибе бөлісуі аясында қалалық және облыстық мектептердің мұғалімдеріне арналған кездесу өтті.
Іс-шараға 20-ға жуық педагог қатысты. NIS мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың төрт түрлі тілдік дағдылары — тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылымды қалай дамытатынын көрсетті. Сондай-ақ білім алушылардың жетістіктерін бағалаудың түрлі әдістеріне арналған шеберлік сыныбын өткізіп, сөздік қорын молайту сөйлеу, сыни ойлау мен дербестікке бағытталған сабақ үлгілерін ұсынды.
Кездесудің қорытындысында қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Мұғалімдер мұндай кездесулер кәсіби шеберлікті арттырумен қатар, жаңа идеялар мен шабыт беретінін атап өтті.