Жаңалықтар
Петропавлдық NIS оқушысы ТМД елдерінің жас көшбасшыларының халықаралық конференциясына қатысты
07 қазан 2025 11:39
ТМД елдерінің жас көшбасшыларының халықаралық конференциясы өтті. Бұл шараға Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Айлана Есентаева да ат салысты.
Айлана өз сөзінде Қазақстанды таныстырып, еліміздің мәдениеті мен ұлттық құндылықтары жайлы баяндады. Сондай-ақ ол ТМД елдері арасындағы достық қатынастарды нығайтудың және жастар арасындағы өзара түсіністік пен мәдени алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара түрлі елдерден келген жас көшбасшылардың басын қосып, өзара тәжірибе және идеялармен алмасуға мүмкіндік берді.