logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Петропавл NIS оқушысы облыстық волонтерлер байқауында жүлдегер атанды

29 қыркүйек 2025 11:44

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Дария Аманкелді «Мисс және Мистер Волонтёр 2025» облыстық байқауында бірінші вице-мисс атағына ие болды.
Дария осымен бірнеше жылдың көлемінде еріктілікпен белсенді айналысып, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ірі жобаларға қатысып жүр. Оның тәжірибесінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Саммиті, Көшпенділер ойындары, 2025 жылғы бокс бойынша әлем чемпионаты және басқа да көптеген іс-шаралар бар.
«Мисс және Мистер Волонтёр» байқауы өңірде екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Іс-шара ең бастамашыл әрі белсенді тұрғындардың басын біріктіреді. Биыл ақтық кезеңге 15 қатысушы жолдама алды. Солардың арасында Дария үздіктердің бірі атанып, волонтерлікке деген адалдығын және көшбасшылық қабілетін тағы бір мәрте дәлелдеді.