Жаңалықтар
Петропавлдық NIS түлектері мектеп аллеясына ағаш отырғызды
01 қазан 2025 11:47
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде игі дәстүр жалғасын тапты. 2025-2026 оқу жылының түлектері Түлектер аллеясына өз көшеттерін отырғызды.
Жыл сайын 12 сынып оқушылары мектеп аумағында жас көшеттер отырғызып, мұнда өткен жылдарға естелік қалдырады. Биыл бұл дәстүрге 109 түлек ат салысты.
Түлектер аллеясы – ұрпақтар сабақтастығының, мектепке деген ыстық ықыластың және жүрек жылуының белгісі. Көп ұзамай жастар мектеп қабырғасынан үлкен өмірге қадам басады. Ал олардың отырғызған ағаштары жылдар бойы жайқалып өсіп, мектеп тарихының бір бөлігі болып қала беремек.