logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Петропавлдық NIS оқушылары ардагер ұстаздарға құрмет көрсетті

01 қазан 2025 11:48

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қарттар күніне орай ардагер ұстаздармен жылы кездесу өтті. Жыл сайын мереке күндері мектепте аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың еңбегін бағалауға арналған түрлі іс-шаралар өтеді.

Биылғы мереке «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында ұйымдастырылып, меймандар үшін 70–80 жылдар стиліндегі нағыз ретро-кешке айналды. Аға буын өкілдері тамаша уақыт өткізіп, би билеп, ән салып, оқушылармен емен-жарқын әңгімелесті.
Мектеп оқушылары қонақтарға қазіргі заман оқушыларының жаңа мүмкіндіктері туралы айтып, өз жетістіктерімен бөлісті. Ал ардагерлер болса, өмірлік даналығымен, ақыл-кеңесн бөлісіп, кейінгі толқын өкілдеріне батасын берді.

Мұндай кездесулер мектепте игі дәстүрге айналған. Өйткені олар ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен байланысты нығайтып, білім саласына өлшеусіз үлес қосқан ұстаздардың рухани мұрасын сақтауға мүмкіндік береді.