Жаңалықтар
Петропавл қаласындағы NIS-те Оқушылар парламентінің Спикерін ұлықтау рәсімі өтті
29 қыркүйек 2025 11:55
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа оқу жылының Оқушылар парламентінің құрамы таныстырылды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Парламент Спикері болып Айя Джаксылыкова сайланды.
Вице-спикер лауазымына Нұрдәулет Ермек тағайындалды, ал Алина Шарипова жаңа құрамда Премьер-Министр қызметін атқарады.
Салтанатты шара барысында оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының толық жаңартылған құрамы таныстырылды.
Мектеп директоры Виктор Сосин бұл ұйымның маңыздылығын атап өтіп, белсенді әрі бастамашыл оқушыларды біріктіретінін айтты. Ол өткен жылғы құрамға қызықты жобалары үшін алғыс білдіріп, жаңа командаға табыс пен жетістіктер тіледі.