Жаңалықтар
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде республикалық ғылыми жобалар байқауының мектепішілік кезеңі өтті
26 қыркүйек 2025 12:00
Оқушылар түрлі бағыт бойынша 56 жобасын сәтті қорғап шықты:
Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі тетігі (физика, техника, Жер және ғарыш туралы ғылым).
Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді математикалық модельдеу (математика, қолданбалы математика, экономика, информатика).
«Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі – салауатты табиғи орта (биология, химия, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы).
Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен болашақ туристік бағыттар (тарих, адам және қоғам, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі, әдебиет).
Оқушылар өз жұмыстарында тұрмыстық көмекшілерден бастап, тіл біліміне арналған әдістемелер мен пәндік тренажерлер, интерактивті тақталар, мобильді қосымшалар, пайдалы кәмпиттер, патчтар мен тіпті марсқа арналған машина үлгілері таныстырылды.
Жақын арада оқушылардың арасында әр секция бойынша жеңімпаздар анықталып, олар мектеп намысын республикалық байқаудың желілік кезеңінде қорғайтын болады.