logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Психологтарына арналған өңірлік семинар-тренинг

04 қараша 2025 09:50

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Солтүстік Қазақстан облысы мектептерінің психологтарына арналған өңірлік семинар-тренинг өтті. Шара «Балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және дағдарыстық көмек: баланы қолдайтын және қорғайтын эмпатиялық педагогты қалыптастыру» тақырыбын қамтыды.
Тренингтің мақсаты педагогтардың зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалармен сенімді қарым-қатынас орнату және дағдарыс жағдайында көмек көрсету бағытындағы құзыреттіліктерін дамыту болды.
Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған семинарға облыстың 13 ауданынан келген 100-ден астам педагог-психолог пен әлеуметтік педагог қатысты. Олар мұндай кездесулердің кәсіби біліктілікті арттыруға және өңір мектептерінде психологиялық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға үлкен үлес қосатынын атап өтті.