Жаңалықтар
Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жасанды интеллект саласында тағы үздік атанды
03 қараша 2025 16:52
12 сынып оқушылары Нұрбатыр Төлеген, Назар Ақанов және Арсен Ғалымжан Fizmat AI Olympiad халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында 3-орынға және 100 000 теңгелік сертификатқа ие болды.
Олимпиадаға 7 елден келген 50-ден астам команда өкілдері қатысты. Іріктеу кезеңінен 400 қатысушының үздіктері ғана өтті. Іс-шараның ақтық кезеңі Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің базасында өтті.
NIS оқушылары мектеп пен өңір намысын абыроймен қорғап, өз білімдерін, шығармашылығы мен бағдарламалау және AI технологияларымен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.