logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

5-6 сынып оқушыларының арасында футбол турнирі өтті

31 қазан 2025 16:58

Күзгі демалыс кезінде Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде 5-6 сынып оқушыларының арасында футбол турнирі өтті
Мектептің спорт залында қаланың түрлі мектептері мен футбол клубтарының 10 командасы кездесті. Үш күн ішінде жас спортшылар өз шеберлігін, командалық рухты және жеңіске деген ұмтылысты паш еткен 27 ойын өткізді өткізді.

Турнир аясында қатысушылар үшін мектеп бойынша экскурсиялар ұйымдастырылды. Бұл шара 6 сынып оқушылары үшін ерекше қызықты болды. Балалар NIS мектебімен жақынырақ танысып, оқу аудиторияларын, заманауи зертханаларды және мектептің спорттық инфрақұрылымын көре алды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.