Жаңалықтар
Қыздар командасы - волейболдан желілік спартакиаданың аймақтық кезеңінің жүлдегері
30 қазан 2025 17:05
Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің қыздар командасы волейболдан желілік спартакиаданың аймақтық кезеңінің жүлдегері атанды
Көкшетау қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде солтүстік өңірдегі NIS мектептерінің ұлдар және қыздар командары бас қосып, үш күн бойы өзара мықтыны анықтасқан болатын. 5 құраманың арасында петропавлдық мектептің қыздары астаналық NIS командасын ғана алға жіберіп, екінші орыннан көрінді. Сонымен қатар Шырайлым Кемелова үздік шабуылшы номинациясын иеленді. Ал ұлдар командасында Асылбек Қаратай үздік қорғаушы атанды. Алда мектеп қыздарының волейбол командасы барлық өңірлердің жеңімпаздары бас қосатын желілік спартакиаданың ақтық кезеңінде өз күштерін сынайтын болады.