Жаңалықтар
«Берік отбасы» жобасы
20 қазан 2025 17:21
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Берік отбасы» жобасы өз мәресіне жетті
Биыл бұл жобаға 7-сыныптың 80-нен астам оқушысы мен олардың ата-аналары қатысты. Алғаш рет барлық жетінші сыныптар оқу бағдарламасын бір уақытта меңгерді.
“Берік отбасы” - Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дәстүрлі жобасы. Оның басты мақсаты – отбасындағы қарым-қатынасты нығайту және бір-біріне қолдау білдіру дағдыларын дамыту, әрі оқушылардың жаңа мектеп ортасына бейімделуіне көмектесу.
Бірнеше апта бойы ата-аналар мен балалар түрлі тренингтерге қатысып, ойын түрінде тапсырмалар орындап, ашық әңгіме жүргізді. Жоба барысында отбасы мүшелері бір-бірін жақсырақ түсініп, жақындай түсті. Ата-аналар өз балаларын жаңа қырынан танып, ал оқушылар өздеріне деген сенімділік пен отбасының қолдауын сезінді.
Жоба соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Балалар өз ата-аналарына арнап концерт ұйымдастырды.