logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Желілік әдеби брейн-ринг ұйымдастырылды

05 желтоқсан 2025 16:35

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде «NIS-пен бірге оқиық!» жобасы шеңберінде Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» әңгімесі бойынша желілік әдеби брейн-ринг ұйымдастырылды. Интеллектуалдық сайысқа Петропавл, Талдықорған және Өскемен қалаларындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командалары қатысты.

Брейн-ринг барысында қатысушылар шығармаға терең талдау жасап, сюжеттік желісін жан-жақты талқылады.
Сайыс нәтижесі бойынша: 1 орын NIS Талдықорған командасы, 2 орын NIS Өскемен командасына бұйырды. Петропавлдық оқушылар да жоғары белсенділік танытып, шығарма бойынша терең білімдерін және әдебиетке деген қызығушылықтарын көрсетті.