Жаңалықтар
Үздіктер марапатталды
08 желтоқсан 2025 11:37
Дәстүрлі дүйсенбілік жиында үздік оқушылар қошеметке бөленді.
Петропавлдық NIS оқушылары Мансур Умаров, Амира Сыздыкова, Елдар Суратаев дайындаған “Дислексиясы бар адамдарға арналған қазақ қаріптері” жобасы ЮНИСЕФ 2025 Жастар форумында жеңімпаз атанды.
“Дарын” орталығының “Қазақстан білім олимпиадасында” Дулат Файзуллин биология пәнінен екінші орыннан, ал Дәрия Аманкелді география пәнінен үшінші орыннан көрінді.
Жеңіс Омаров, Кирилл Саморуков Петропавл қаласын дамыту бойынша Urbaton 2025 пилоттық жобалар байқауында 1 орын иеленді.
Саят Ибраев, Кристина Фельбуш, Алан Жолдаспаев, Артур Штейнер Петропавл қаласын дамыту бойынша Urbaton 2025 пилоттық жобалар байқауында 2 орын иеленді.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің
9 сынып оқушылары арасындағы желілік ХІ “Креатив-тартыс” байқауында “Eternity” тобындағы Арлан Сергазин, Вячеслав Гонтарь, Салима Шакенова, Заңғар Айтақын үшінші орыннан көрінді.
“Путь к ноосфере” екінші жалпыресейлік жасөсірімдер жобалары байқауында Василиса Верблюдова бас жүлде, Малика Тайгилова 1 орын, ал Арлан Аубакиров 2 орын иеленді.
Ulan Cup облыстық пікірсайыс турнирінде Жанель Қанатова, Меруерт Сепен, Елдана Біржан 2 орын, Варвара Тарасова, Мусабаева Яна, Елизавета Литвиненко 2 орын, Дарья Харченко, Карина Курмангалиева, Дамир Жұмажан үшінші орын иеленді. Сонымен қатар Меруерт Сепен мен Варвара Тарасова үздік спикер, Арлан Аубакиров үздік төреші атанды.
8 сынып оқушылары Айзат Ербұлан, Жансая Әнуарбек және Гүлбаһрам Нұрлан «Қызылжар дауысы 2025» вокалдық байқауында жеңімпаз атанды.
5 сынып оқушысы Амелия Қасымбекова тоғызқұмалақтан желілік спартакиадада 2-орыннан көрінді.
7 сынып оқушысы Дәрия Қасен облыстық стандартты шахмат чемпионатында 1 орын иеленді.
Сонымен қатар, мектепішілік “Зерде” байқауының жеңімпаздары және шаңырақтар арасындағы футбол спартакиадасының үздіктері марапатталды.