Жаңалықтар
Ақпараттық кездесу ұйымдастырылды
05 желтоқсан 2025 16:54
Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде 8–9 сынып оқушыларына ішкі тәртіп ережелерін түсіндіруге бағытталған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.
Жиын барысында оқушыларға мектептегі негізгі мінез-құлық нормалары мен этика ережелері, тәртіп сақтау және қарым-қатынас мәдениетінің маңыздылығы қайта еске салынды. Сонымен қатар жеке гигиена, жинақылық, асханада тәртіп сақтау, оқу процесі кезінде телефон тапсыру тәртібі секілді мәселелерге ерекше назар аударылды. Оқушыларға мектеп формасына қойылатын талаптар және сыртқы келбетке қатысты ережелер де түсіндірілді.