Жаңалықтар
IQ Doda интеллектуалдық ойынында жеңімпаз атанды
03 желтоқсан 2025 11:58
Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары IQ Doda интеллектуалдық ойынында жеңімпаз атанды. Бұл дода солтүстік өңірдегі NIS мектептері арасында өткен болатын. Жарысқа жоғары сынып оқушыларынан құралған командалар қатысып, тарих пен география пәндері бойынша күрделі сұрақтарға жауап берді. 11–12-сынып оқушыларынан құралған петропавлдық NIS құрамасы Көкшетау мен Астана командаларын артта қалдырып, 1-орынды иеленді.