logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ұлттық киім күні

05 желтоқсан 2025 12:02

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде әр аптаның жұмасы ұлттық киім күні ретінде аталып өтеді. Бұл күні сыныптар мен шаңырақтар бір адамдай қазақтың ұлттық киімін киіп, халқымыздың мәдениеті мен дәстүрлеріне деген өз құрметін көрсетеді.

Бүгін таңертең ұлттық киім күні ерекше атап өтілді. Мектепке кірген әр жанды оқушылар жаңа піскен бауырсақпен, қымызбен және домбыра мен жетігеннің әуезді үнімен қарсы алды. Оқушылар ребустар шешіп, сыйлық ретінде тәтті, бауырсақтар мен барамыш алды.

Мұндай игі дәстүрлер кейінгі буын өкілдеріне ұлттық бірегейлікті нығайтуға, тарих пен мәдени мұраға деген құрметті арттыруға мүмкіндік береді.