logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмысшы мамандықтар жәрмеңкесі өтті

03 наурыз 2025 10:05

Оған қаланың 10-ға жуық ұйымы қатысты. Іс-шара мектеп оқушылары үшін өңірдегі кәсіпорындарда еңбек ететін түрлі мамандармен және олардың жұмыс ерекшеліктерімен танысуға тамаша мүмкіндік болды.

Жәрмеңкеде оқушыларға облыстық ТЖД және жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің жұмысы көрсетілді. Балалар өртсөндірушілердің, құтқарушылардың сүңгуірлердің костюмдерін киіп көріп, жабдықтарының жұмысын бағалады. Бұндай жәрмеңке оқушыларға осы мамандықтардың маңыздылығы мен ерекшеліктерін жақсы түсінуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, оқушылар Киров атындағы зауыт, Петропавл электротехникалық зауыты және “Зеленый Север” ЖШС сияқты кәсіпорындардың негізгі өнімдерімен танысты.

Солтүстік Қазақстан облысының ара өсірушілер қауымдастығының “СОТ” өнімдері, сондай-ақ жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі мен М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің білім беру мүмкіндіктері назардан тыс қалмады. Бұл іс-шара - мектептегі оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының маңызды бөлігі. Осы тектес жермеңкелер оқушыларға болашақ мансаптық перспективалар туралы түсініктерін кеңейтуге септеседі.