logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

“Queen’ s Play” ашық облыстық шахмат турнирі

03 наурыз 2025 10:14

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде халықаралық әйелдер мерекесіне орай “Queen’ s Play” ашық облыстық шахмат турнирі өтті. Іс-шараға Петропавл қаласы мен облыс аудандарынан 60-қа жуық жас шахматшы қатысты. Олардың арасында шахматтың жілігін шағып, майын ішкен тәжірибелі ойыншылар да, тамаша дайындығымен таң қалдырған 5 жасар балабақша тәрбиеленушілері де болды. Жарыс барысында қатысушылар өздерінің стратегиялық және тактикалық дағдылары мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.
Турнир өңірдің шахмат қауымдастығы үшін маңызды оқиғаға айналды. Іс шараны осымен екінші жыл қатарынан мектептің “Магнус” шахмат клубының өкілдері ұйымдастырды. Турнирдің жүлдегерлері мен жеңімпаздары грамоталармен, тәтті сыйлықтармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Біз жастар арасында зияткерлік ойындарды дамытудың маңыздылығын жақсы түсінеміз. Сол себепті қыздар арасында шахматты насихаттап, облыстан Қазақстан құрамасына мықты қыздар дайындағымыз келеді, - деп атап өтті Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Данияр Уәлиев.