logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

“Ақ әжемнің асыл мұрасы” шарасы ұйымдастырылды

18 наурыз 2025 14:16

Әз Наурыз мерекесі онкүндігінің аясында 17 наурыз - Шаңырақ күні. Осы күнге орай Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Ақ әжемнің асыл мұрасы” шарасы ұйымдастырылды. Оған әдейі шақырылған ақ жаулықты әжелер - “Қазақ аналары” салт-дәстүр республикалық қоғамдастық бірлестігінің өкілдері оқушы қыздарға тақия кию, шекелік пен шолпы тағу, келіндер мен аналарға орамал тағу дәстүрі мен ерекшеліктерін түсіндірді. “Мағжан Жұмабаев” және “Сәбит Мұқанов” шаңырағының оқушы қыздары қарт аналарды мұқият тыңдап, пайдалы ақпаратты ойларына тоқыды. Осы жерде ұлттық аспап - домбыраның күмбірі естіліп, қыздар әсем ән салды.
Іс-шара оқушыларға қазақ халқының мәдени мұрасымен тереңірек танысуға, дәстүрлерді сақтаудың және оларды құрметтеудің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді. Кездесу соңында дәстүр бойынша әжелер қыздарға бақыт пен амандықты бейнелейтін шашу таратып, баталарын берді.