Жаңалықтар
Республикалық олимпиададан оқушыларымыз алтын және күміс медальдармен оралды
15 сәуір 2025 16:26
Республикалық олимпиададан оқушыларымыз алтын және күміс медальдармен оралды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың орыс мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша алтын жүлдені (І орын) 11 сынып оқушысы Дмитриева Ева жеңіп алды. Айта кету керек, оқушымыз Ева екі жыл қатарынан І орын алып отыр.
Сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың география пәнінен күміс жүлделерді (ІІ орын) 12 сынып оқушысы Байбусунов Талғат және 10 сынып оқушысы Штро Артур иеленді.
Жүлделі орын алған оқушыларымызға тек биік белестерден көріне беруді тілейміз!
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар әр шәкіртімізбен мақтанамыз