logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Workout Fest» атты спорттық фестиваль өтті

23 сәуір 2025 16:53

21 сәуірде Қарағанды ​​қаласындағы ХББ НЗМ-нің спортзалында «Workout Fest» атты спорттық фестиваль өтті. Фестивальге 9-сынып оқушылары қатысты. Жарыстың бағдарламасы 7 спорт түрінен құралды: «жоғарғы және төменгі кермелерде тартылу», «еденнен қолды бүгіп-жазу», «отырып-тұру», «планкада тұру», «жатып-штанга көтеру», «орнынан ұзындыққа секіру», «скакалкамен секіру». «Workout Fest» қатысушылары жақсы дене дайындығын көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Ұйымдастыру комитеті жарыстың әр түрі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді мадақтау қағаздарымен және медальдармен марапаттады.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-