Жаңалықтар
«NISпен БІРГЕ ОҚИЫҚ!» жобасы: 8-сынып оқушыларымен танымды кездесу
20 мамыр 2025 16:28
«NISпен БІРГЕ ОҚИЫҚ!» жобасы: 8-сынып оқушыларымен танымды кездесу
Мектебіміздің педагог-кітапханашылардың ұйымдастыруымен 8-сынып оқушыларының қатысуымен тағы бір мазмұнды оқырмандық кездесу өтті. Оқушылар Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» және Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» шығармалары бойынша жұмыстар жүргізді.
Іс-шара барысында оқушылар кроссвордтар шешіп, пазлдар жинап, «Тарсия» әдісі арқылы мазмұнды талдап, негізгі ойды анықтауға тырысты. Сонымен қатар, викторинаға қатысып, өз білімдерін сынады.
Іс-шара соңында барлық сыныптарға алғыс хаттар мен шағын сыйлықтар табысталды.
Әдебиетке деген қызығушылықты арттырып, логикалық және шығармашылық қабілеттерді дамытуға бағытталған бұл кездесу оқушылар үшін әсерлі әрі есте қаларлық болды.