Жаңалықтар
«NISпен БІРГЕ ОҚИЫҚ!» жобасы аясындағы оқырмандық кездесу
20 мамыр 2025 16:32
«NISпен БІРГЕ ОҚИЫҚ!» жобасы аясындағы оқырмандық кездесу
Мектебіміздің кітапханасының ұйымдастыруымен 7 және 9-сынып оқушыларының қатысуымен ерекше форматтағы оқырмандық кездесу өтті. Іс-шара барысында Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» және Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» шығармалары жан-жақты талданып, оқушылар туындылардың мазмұнын терең түсініп, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Оқушылар талдау барысында «Write Around» және «Keyword Hexagon» әдістерін қолданып, шығармаларға визуалды шолу жасап, кейіпкерлердің бейнесін, шығарма идеясы мен көркемдік ерекшеліктерін ашуға тырысты.
Әдебиетке деген қызығушылықты арттырып, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерді дамытуға бағытталған бұл кездесу қатысушылар үшін пайдалы әрі әсерлі болды.
Белсенділік танытқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз!