logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🎓 Жаңа оқу жылы — жаңа кезең, жаңа мақсаттар мен жаңа мүмкіндіктер!

02 қыркүйек 2026 09:35

1 қыркүйекте NIS-те жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.
Дәстүр бойынша бұл күн оқушыларды, ұстаздар мен мектеп түлектерін бір арнаға тоғыстырды. Мектеп оқушыларына құттықтау сөздері мен ізгі тілектерін мектеп директоры Жұмабекова Шырын Салкенқызы, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және NIS түлектері жолдады.
Бұл күн мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған жетінші сынып оқушылары үшін ерекше маңызды болды. Оларды жаңа кезең — ұстаздарымен және сыныптастарымен танысу, NIS дәстүрлерін білу және мектептің қызықты әрі мазмұнды өміріне ену күтіп тұр.
Жаңа оқу жылы жарқын оқиғаларға, қызықты жаңалықтарға, маңызды жетістіктер мен жаңа жеңістерге толы болсын! ✨
Жаңа оқу жылы құтты болсын! Білім күні құтты болсын!

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-