logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жасанды интеллекттен зерттеу экожүйесіне дейін: мектеп жаңа оқу жылын инновацияға басымдық бере отырып бастады

31 тамыз 2026 12:00

2026 жылғы 31 тамызда мектептің акт залында педагогтерге арналған бағдарлау сессияларының бағдарламасы өтті. Бағдарлама кәсіби дамудың өзекті бағыттарына, жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізуге, зерттеу қызметіне, дарынды оқушылармен жұмысқа және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналды.

Бағдарлама педагогтер мен тренерлерді мектептің негізгі бағыттары төңірегіндегі маңызды мәселелерді талқылауға біріктіріп, кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және жаңа мүмкіндіктермен танысу үшін тиімді алаң қалыптастырды.

Бағдарламаны Қалқаманов А.Е. жүргізген «Білім берудегі когнитивтік трансформация: генеративті модельдерді оқу үдерісіне имплементациялау» тақырыбындағы сессия ашты. «Білім беру үдерісіндегі жасанды интеллект» бағыты аясында педагогтер оқытудың дәстүрлі тәсілдерін трансформациялау және оқу қызметін ұйымдастыруда генеративті модельдерді қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.

Әдекенова А.Н., Петерс С.Н. және Устинова Л.В. өткізген «Жасанды интеллект: дайын құралдарды пайдаланудан бастап, жеке бағдарламалық өнімдерді жасауға дейін» сессиясында қатысушылар жасанды интеллекттің қолданыстағы құралдарын тәжірибеде пайдаланудан бастап, өздерінің цифрлық шешімдерін әзірлеуге дейінгі мүмкіндіктермен танысты.

Бағдарламаның маңызды бөлігі педагогтің зерттеу қызметіне арналды. Жүкенова Г.Э. мектепте зерттеу мәдениетін жүйелі түрде дамытуға назар аударды.

Давлетгариева Г.Ф. өткізген «NIS-тегі педагогикалық зерттеу әдіснамасы: нәтижені қалай жоғалтпауға болады?» сессиясында педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және оның практикалық маңызын сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Сүлейманова М.Т. «Халықаралық конференциялар: тіркелу және қатысу ерекшеліктері» тақырыбында сессия өткізіп, педагогтерді халықаралық кәсіби конференцияларға қатысудың негізгі ерекшеліктерімен таныстырды.

Жұмабекова Ш.С. және Артамонова К.С. жүргізген NIS SHARE жобасын іске асыруға арналған сессия барысында қатысушылар рефлексияның білім беру үдерісінің тиімділігін арттырудағы және педагогтің кәсіби дамуындағы маңызды құрал ретіндегі мәнін талқылады.

Бағдарламаны Жуанышев А.Ә. жүргізген «2026–2027 оқу жылындағы ҚР ҰПЗ секциялары: ғылыми бағыттардың атаулары мен мазмұны» сессиясы қорытындылады. Сессия дарынды оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға арналды. Кездесу барысында педагогтер алдағы оқу жылындағы негізгі ғылыми бағыттармен және секциялардың мазмұнымен танысты.

Бағдарлау сессиялары кәсіби қарым-қатынас пен жаңа оқу жылының басымдықтарын бірлесіп талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Бағдарламаның тақырыптық алуан түрлілігі білім берудің цифрлық трансформациясы, зерттеу мәдениеті, халықаралық ынтымақтастық және дарынды оқушыларды қолдау мәселелерін бір арнаға тоғыстырды.

Жаңа оқу жылы — жаңа идеялар, жаңа құралдар және кәсіби дамуға арналған жаңа мүмкіндіктер!

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-