Жаңалықтар
NIS RUN: 800 қатысушы, бір ортақ старт!
12 қыркүйек 2026 14:00
Қарағанды қаласындағы NIS-те NIS RUN 2026 ауқымды спорттық мерекесі өтті. Іс-шараға шамамен 800 қатысушы жиналды. NIS RUN — бұл жай ғана спорт мерекесі емес, отбасыларды, достарды, оқушылар мен мұғалімдерді біріктірген ерекше іс-шара.
Қатысушылар 1, 3 және 5 км қашықтықтарды бағындырып, жарқын флешмобқа да қатысты. Стартқа жеке қатысушылармен қатар, командалар, достар және отбасылар да шықты.
🏆 Қашықтық жеңімпаздары
1 км
🥇 Щанников Федор
🥈 Шаихов Рауан, 11 «F»
🥉 Щанников Тимофей, 12 «I»
3 км
🥇 Аккул Нурсултан, физика пәнінің мұғалімі
🥈 Павлюк Егор, 10 «I»
🥉 Зайнуллиев Заманбек, ата-ана
5 км
🥇 Щанников Федор
🥈 Хамитов Бекжан, 9 «A»
🥉 Щанников Тимофей, 12 «I»
Ерекше атмосфера — отбасылардың арқасында
NIS RUN шын мәнінде отбасылық мерекеге айналды. Соның жарқын мысалдарының бірі — Ақмақовтар отбасы. Олар жүгіруге отбасының толық құрамымен келді. Бір отбасының 14 мүшесі — ең кішкентайларынан бастапересектерге дейін — спорттық мерекеге бірге қатысты.
Бұл күні жеңімпаздар тек жүгіру нәтижесі бойынша анықталған жоқ. Барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды, ал ең белсенді қатысушылар отбасылық қатысуға, командалық рух пен энергияға арналған 16 арнайы номинация бойынша марапатталды:
🏅 «Бүкіл отбасымызбен стартқа!»
🏅 «Ең ұйымшыл команда»
🏅 «Ең спорттық отбасы»
🏅 «Бірге — мықтымыз»
🏅 «Бір отбасы — бір команда»
🏅 «Қозғалыстағы отбасы»
🏅 «Шабыт сыйлайтын отбасы»
🏅 «Ең энергиясы мол отбасы»
🏅 «Ең позитивті отбасы»
🏅 «Ең жарқын отбасылық старт»
🏅 «Отбасылық драйв»
🏅 «Отбасылық турборежим»
🏅 «Отбасы энергиясы»
🏅 «Старттағы жылдың отбасы»
🏅 «Мінезі бар отбасы»
🏅 «Ең белсенді шаңырақ»
Осындай сәттер NIS RUN-ды ерекше етеді: бір отбасының бірнеше ұрпағы бір старт сызығына жиналып, бір-біріне қолдау көрсетіп, қашықтықты бірге еңсереді.
Мұнда жеңіс тек секундтар мен километрлермен өлшенбеді.
Барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды, ал ең белсенді қатысушылар отбасылық қатысуға, командалық рух пен энергияға арналған 16 арнайы номинация бойынша марапатталды.
NIS RUN тағы бір мәрте спорттың адамдарды біріктіре алатынын көрсетті. Оқушылар мен ата-аналар, мұғалімдер мен достар, балалар мен ересектер — барлығы бір команданың мүшесіне айналды.
Стартқа шыққан, қатысушыларға қолдау көрсеткен және осы күннің ерекше атмосферасын қалыптастырған әрбір жанға алғысымызды білдіреміз!
NIS RUN 2026
800 қатысушы. 16 номинация. Бір ортақ рух!