logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱 «Планетаны сақтайық» эко-миссиясы: таза болашақ үшін игі істер

23 қыркүйек 2026 11:47

«Қоғамға қызмет ету» жобасы және «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында 12-сынып оқушылары Темірлан Диана мен Қуатбек Айсар мұғалімдер Жолдыбаева К.Б., Турашева М.К., Бекмағанбетов Ж.Д. және Мекеева Б.Т.-мен бірге Қарағанды облысының білім басқармасына қарасты «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ-не барды.

Кездесу «Эко-миссия: Планетаны сақтайық» ұранымен өтіп, экологиялық ағарту, шығармашылық, командалық жұмыс және қоршаған ортаға қамқорлықты біріктірді.

Іс-шараның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды дамыту, сондай-ақ оқушылардың өзара көмек, мейірімділік және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын нығайту.

Кездесудің басында қатысушылар табиғатқа ұқыпты қараудың, қалдықтардың мөлшерін азайтудың және материалдарды қайта пайдаланудың маңыздылығын талқылады. Әр адамның жасаған шағын әрекетінің қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесі бар екеніне ерекше назар аударылды.

Содан кейін 8-сынып оқушылары топтарға бөлініп, экологиялық кейстермен жұмыс істеді. Балалар қоршаған ортаның ластануы, қалдықтарды сұрыптау, табиғи ресурстарды үнемдеу және жауапты мінез-құлыққа қатысты жағдайларды қарастырып, өз шешімдерін ұсынды. Сондай-ақ мектепті, үйді және қаланы қалай таза етуге болатыны туралы өз идеяларымен бөлісті.

Кездесудің шығармашылық кезеңі «Қалдықтардан қолөнер бұйымдарын жасау» шеберлік сағаты болды. Қатысушылар күнделікті қолданылатын материалдарға «екінші өмір» сыйлауға болатынын біліп, қағаз гүлдерден әсем композициялар жасады. Бірлескен жұмыс шығармашылық қабілеттерін танытуға, командада жұмыс істеуге және бір-біріне қолдау көрсетуге мүмкіндік берді.

Кездесу тірі гүлдер отырғызу акциясымен аяқталды. Қатысушылар бірге өсімдіктер отырғызып, топырақпен жұмыс істеп, оларға дұрыс күтім жасауды үйренді. Әрбір отырғызылған гүл жасыл әрі жайлы орта қалыптастыруға қосылған шағын үлеске айналды.

Кездесу бойы мейірімділік, қамқорлық және өзара қолдау атмосферасы қалыптасты. Қатысушылар экологиялық жауапкершілік туралы айтып қана қоймай, оны игі істер арқылы іс жүзінде көрсете алды.

Бұл іс-шаралар «Қоғамға қызмет ету» жобасының өз іс-әрекеттерің арқылы адамдарға және қоршаған ортаға пайда әкелуге мүмкіндік беретінін көрсетті. Ал «Таза Қазақстан» идеясы әрқайсымыздың қарапайым әрекетімізден басталады: ресурстарды үнемдеу, табиғатқа қамқорлық жасау, өзгелерге көмектесу және айналамыздағы ортаны таза әрі көрікті ету.

Әрбір отырғызылған гүл таза әрі жасыл болашақ әр адамның жауапкершілігі мен игі ісінен басталатынын еске салып тұрсын.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-