Жаңалықтар
🍂 «Күз сыйы»: шығармашылық, қиял және табиғат сұлулығы
29 қыркүйек 2026 17:20
NIS Қарағандыда биология пәні мұғалімдерінің пәндік апталығы аясында мектеп шаңырақтары арасында «Күз сыйы» атты шығармашылық байқау өтті.
Оқушылар жапырақтар, бүрлер, бұтақтар, тұқымдар, көкөністер, жемістер және басқа да табиғи материалдардан ерекше композициялар жасап, өздерінің қиялы мен шеберліктерін көрсетті. 🍁🌿
Панно, икебана және ерекше күзгі композициялар қойылған көрме ерекше назар аудартты. Бағалау барысында жұмыстың түпнұсқалығы, эстетикалық көркемдігі, орындалу сапасы және табиғи материалдардың ұтымды қолданылуы ескерілді.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🏆 Бас жүлде — «Қаныш Сәтбаев» атындағы шаңырақ
🥇 1-орын — «Евней Букетов» атындағы шаңырақ және «Әбілқас Сағынов» атындағы шаңырақ
🥈 2-орын — «Сәкен Сейфуллин» атындағы шаңырақ және «Ақжан Әл-Машани» атындағы шаңырақ
🥉 3-орын — «Ақан Сатаев» атындағы шаңырақ, «Әлімхан Ермеков» атындағы шаңырақ және «Геннадий Головкин» атындағы шаңырақ
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және жарқын идеялары, шығармашылығы мен табиғатқа деген сүйіспеншілігі үшін алғыс білдіреміз! 🍂✨