logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Қарттарым – асыл қазынам!»

01 қазан 2026 17:17

Халықаралық қарттар күніне орай 9-сынып оқушылары, сондай-ақ мектептің «Қоғамға қызмет» жобасының координаторлары Мекеева Б.Т. мен Көкен А.А. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не барып, «Қарттарым – асыл қазынам!» атты мерекелік концерттік бағдарламасын ұйымдастырды.

Кездесу барысында оқушылар қарттарға арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны ұсынды. Мектеп оқушылары ән айтып, бірнеше би нөмірін орындап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Мектеп аталған мекемемен көптеген жылдар бойы тығыз ынтымақтастық орнатып, бірлескен қайырымдылық және әлеуметтік бағыттағы түрлі іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Қарттарға арналған мерекелік концерттер мен шығармашылық бағдарламалар ұйымдастыру, сыйлықтар табыстау және жылы лебіздер білдіру мектебіміздің игі дәстүріне айналды. Мұндай кездесулер оқушылардың аға буынға құрметпен қарауын, мейірімділік пен қамқорлық танытуын, сондай-ақ қоғамға пайдалы болуға ұмтылысын қалыптастыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналар қарттарға арнайы сыйлықтар дайындап, оларға ізгі тілектерін жеткізді.

Іс-шара соңында орталық тұрғындары мектеп оқушыларына, ата-аналарға және ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

«Қарттарым – асыл қазынам!» іс-шарасы ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, мейірімділік пен ізгілікті насихаттауға бағытталған тағылымды кездесулердің бірі болды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-