Жаңалықтар
NIS Қарағанды оқушылары баскетболдан желілік спартакиаданың жүлдегерлері атанды!
03 қараша 2026 10:48
28–30 қазан күндері Өскемен қаласында 11–12-сынып оқушылары арасында баскетболдан желілік спартакиаданың өңірлік кезеңі өтті.
NIS Қарағанды, Павлодар, Семей, Өскемен, Алматы-Медеу және Талдықорған мектептерінің командалары жарыстың келесі кезеңіне жолдама алу үшін бақ сынады.
Қарағандының қыздар құрамасы екінші орынға ие болып, жарыстың финалдық кезеңінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Финалда олар басқа өңірлердің жеңімпаздарымен кездеседі.
Сонымен қатар мектебіміздің оқушысы Түсіпбеков Әдият ұлдар арасында «Үздік қорғаушы» жеке номинациясымен марапатталды.