logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Интернат оқушыларына арналған «Бір-бірін есту- қарапайым ғылым» тренингі өтті

15 қаңтар 2025 17:35

7-12 сынып интернат оқушыларына арналған «Қарапайым ғылым - бір-бірін есту» тренингі коммуникация және өзара түсіністік дағдыларын дамыту мақсатында өткізілді. Тренингтің басталуы танысуға арналды, бұл қатысушылар арасында сенім мен ашықтықты қалыптастыруға көмектесті. Бұдан әрі «Атомдар мен молекулалар», «13 және 33», «Ханшайым, самурай, айдаһар» және «Тұрғындар мен үйлер» атты ойын жаттығулары өткізілді. Бұл ойындар топтағы өзара іс-қимылды жақсартуға, тыңдау дағдыларын, мұқияттылықты және командалық жұмысты дамытуға ықпал етті.

Оқушылар тренинг оларға жақынырақ танысуға, бір-бірін жақсы түсінуге, сондай-ақ өз құрдастарын қолдай білуге көмектесгенін атап өтті.