Жаңалықтар
Қорғансыз емессің!
16 қаңтар 2025 17:35
Бүгін 7 және 10 сынып оқушыларымен «Оқушыларды қорғау саясатының негізгі» тармақтарын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді. Жиында қатыгез қарым-қатынастың түрлері және одан алдын ала сақтану жолдары айтылды. Мектеп психологы Жалмағамбетова А.Е. оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы ашықтық пен сенімнің маңыздылығын, сондай-ақ олардың онлайн және офлайн кеңістіктердегі әрекеттері үшін жауапкершілікті еске салды. 17-20 қаңтарда барлық сыныптарды қамту, әр оқушының өз құқықтары мен міндеттерін білуін қамтамасыз ету мақсатында басқа қатардағы студенттермен осындай кездесулер өткізу жоспарлануда.