logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS DANCE басталды

17 қаңтар 2025 14:13

Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде «NIS dance» би байқауы бастау алды.

Бұл шығармашылық сайысқа бидің жұптық және командалық түрлерін ұсынған ондаған команда қатысты. NIS қатысушылары заманауи бидің барлық түрлерін көрсете отырып, өздерін шығармашылық жағынан көрсетті.

Іс-шараға Қарағанды ​​облысы білім басқармасының « №4 арнаулы мектеп-интернаты» КММ оқытушылары мен оқушылары шақырылды.

– Өскелең ұрпақтың эстетикалық тәрбиесін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау үшін біз мектеп оқушыларын көп жылдар бойы би өнеріне баулып келеміз. Қарағанды қаласындағы NIS - те оқушылар үшін шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсетудің барлық мүмкіндіктері жасалған деп санаймын, – деді Зияткерлік мектептің кураторы Бахтияр Батталов.