logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ice Party – 2025

11 ақпан 2025 16:24

Қарағандылық NIS-те дәстүрлі «Ice Party – 2025» өтті. Оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар мектеп ауласына шығып, пайдалы әрі көңілді уақыт өткізді. Қызықты шараға Қарағанды қаласындағы білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері де қатысты.

Зияткерлер мен қонақтар флешмоб билеп, коньки теуіп, қар үстінде футбол, волейбол ойындарын ойнады. Белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар үлестірілді.