Жаңалықтар
«Болашақтың бастауы- біздің мектеп»!
17 ақпан 2025 13:32
Қарағанды қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектебіміздің дәстүріне айналған «Болашақтың бастауы- біздің мектеп» атты мектебіміздің 12-ші туған күніне арналған мерекелік концерт аптаның тамаша аяқталуының көрінісі болды. Концерттік бағдарлама ғылыми білімнің пайда болу тарихын сипаттайтын тамаша күй мен би өнерімен ашылды. Сонымен қатар, концертте түрлі жанрдағы өнер көрсеткен мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары мектебіміздің туған күніне орайластырып өткізілген мұғалімдердің орындауындағы әндер, саксафонда ойналған әсем ән мен оқушыларымыздың қазақи билері көрермен ықыласына бөленді. Музыкалық сәлемдеме мен құттықтау сөздерінің арасында пән бірлестіктерінің даярлаған құттықтау бейне жазбаларын қызықтау мүмкіндігі туды.
Мерекелік көңіл-күйдің жоғары болғандығынан уақыттың қалай өтіп кеткендігі байқалмай да қалды. Осы кеште өте көп құттықтаулар, тілектер айтылды. Мерекелік кешке арнайы шақырылған ардагерлер өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, туған күнмен құттықтады.
Мектептің туған күніне арналған мерекелік аптада өткізілген басқа да шаралар сияқты бұл концерт те мектептің жетістіктерін бағалауға, өмірі мен таланттарын мектеп өміріне сарп еткен мұғалімдер қауымына алғыстар айтуға, және, әрине, болашаққа жоспарды айқындауға үлкен мүмкіндіктер туғызды. Сапалы білім мен тәрбие алып отырған мектебіміздің оқушылары келешекте бәсекеге қабілетті, жауапты азамат болатындарына сенімдіміз, жаңа бағыттың қозғалтқышы әрі еліміздің жетістігі болады деп үміт артамыз. Жаңа буын мектебіне тек сәттілік пен өркендеу тілейміз!