logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS CUP-2025

23 ақпан 2025 17:12

20 ақпанда Қарағанды қ. ХБН НЗМ спорт залында мектеп оқушылары мен қызметкерлері арасында "NIS CUP-2025" футзалы бойынша жарыстың финалдық матчы мен марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсіміне Қарағанды қаласының "Тұлпар" шағын футбол клубының ойыншылары Владислав Черномордов, Виктор Клинов, Георгий Калачев қатысты. "Бәйтерек" және "Қайрат" командалары кездескен финалдық матч қызықты тартыста өтті, ойыншылар техникалық-тактикалық іс-қимылдарды жақсы білетіндіктерін, жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Нәтижесінде 3:2 есебімен "Бәйтерек" командасы жеңіске жетті. Екінші орынды "Қайрат" командасы, үшінші орынды "Каспий"командасы иеленді.

"NIS CUP-2025" жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Фотогалерея

image-
image-
image-