Оқушылардың өзін-өзі басқаруы
Өзін-өзі басқару ұйымы
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы — бұл Зияткерлік мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруға қатысу нысаны болып табылады. Ол оқушылардың педагогикалық ұжыммен және Зияткерлік мектеп басшылығымен бірлесе отырып, оқу процесін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатысуын қарастырады.
Зияткерлік мектептердегі оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы қызметінің негізгі мақсаты — оқушылардың Зияткерлік мектептерді басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, шешім қабылдай алатын, жауапты әрі тәртіпті, өз бетінше таңдау жасауға дайын және мектеп өмірінде белсенді ұстанымға ие тұлғаны тәрбиелеу.
Мектепте өзін-өзі басқаруға қатысты нормативтік-құқықтық құжаттар әзірленіп, бекітілген:
Мектептің өзін-өзі басқару ережесі;
Оқушылардың өзін-өзі басқару органдарын сайлау туралы ереже;
Оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысының жоспары.
Өзін-өзі басқару жұмысы жыл сайын жаңа бағытта дамып отырады. Жаңа оқу жылы дәстүр бойынша жаңа министрлік құрамын жасақтаудан және жаңа президент сайлауын өткізуден басталады. Алдымен үміткерлер «Неліктен дәл мен NIS президенті болуға лайықпын?» тақырыбында эссе жазады. Одан кейін үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.
Мектептегі Оқушылардың өзін-өзі басқару қызметін тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, Оқушылардың өзін-өзі басқару үйлестірушісі, педагог-ұйымдастырушылар мен кураторлар үйлестіреді.
Оқушылардың өзін-өзі басқару үйлестірушісі министрлермен, сынып белсенділерімен және сынып старосталарымен бірлесе отырып, оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысының жоспарын әзірлейді; мектеп үкіметі мен сынып белсенділеріне сыныптық және мектепішілік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсетеді; сондай-ақ оқушылардың мектеп өміріндегі барлық салаларда — оқуында, қоғамдық жұмыстарда, спортта, оқушылар ұжымының басқа мүшелерімен, мұғалімдермен және ата-аналармен қарым-қатынасында қолдау көрсетеді.
2025–2026 оқу жылындағы мектептің өзін-өзі басқару командасы
Президент — Сайран Мансұр
Вице-президент — Айасыл Еркиновна
Премьер-министр — Абиденов Дінмұхамед
Мәдениет министрлері — Айболатова Айша, Амангелді Мадина
Спорт министрі — Сайлау Әлинұр
БАҚ министрлері — Шалғымбай Әділхан, Мұбаракша Алдияр
Ішкі істер министрлері — Сағындық Айғаным, Ахмед Айза
Қаржы министрі — Набиева Аделя
Білім министрлері — Ералиева Сабина, Түркенов Санжар
Денсаулық сақтау министрлері — Арымбекова Аяулым, Рамазанова Ардақ
Министрлер үйлестірушісі — Бекішев Хәкім
Instagram парақшасы:
Instagram Reels
Мектептің өзін-өзі басқару министрлігі мүшелері ұйымдастырған іс-шаралар:
«Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойыны
Instagram ReelNIS League
Instagram ReelSamgau-2025 форумы
Instagram PostВена балы
Instagram Reel