logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Хабарландырулар

Объявление о конкурсе

Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

            «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2026 – 2027 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау үшін конкурс жариялайды.

 

Құжат қабылдау 2026 жылғы 5-қаңтардан 9-ақпанға дейін жүргізіледі.
Мерекелік күн:2026 жылғы 7-қаңтар

Құжаттарды қабылдау:

1) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 5-қаңтар сағат 09:00-ден бастап 9-ақпан сағат 18:00-ге дейін тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда;

2) Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына қағаз түрінде тапсыру демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін; түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін жүргізіледі.