Жаңалықтар
Сырбай Мәуленов поэзиясы
18 қазан 2024 13:00
Мектеп кітапханасында қазақ және орыс тілінде оқитын 7-ші және 8-ші сынып оқушылары арасында «Ұлы дала ақындары» жобасы аясында «Сырбай Мәуленов поэзияларын мәнерлеп жатқа оқу» тақырыбында поэзия сайысы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар берілген критерийлерге сәйкес жергілікті ақынның танымал «Туған ел», «Бір жұтым су», «Қостанай», «Сағындым», «Майдан жолында», «Шақшақұлы Жәнібек», «Қазалы хат», «Қос терек», «Жұлдыз», «Қош, Баку!», «Қымбат дала қырлары», «Сағындырдың, Сарыарқа», «Кеш», «Он екі» өлеңдерін көрермен назарына ұсынды.
Сайыстың қазылар алқасы құрамында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлім Опина, педагог-кітапханашы Әсел Назарова, педагог-ұйымдастырушы-куратор Анара Абишева болды.
Қазылар алқасы келесі орындарды тағайындады:
Жүлделі І орынға ие болғандар: 8Е сынып оқушысы Лидия Осенникова, 8С сынып оқушысы Мариям Абилова, 7А сынып оқушысы Айша Бейсенбай.
ІІ орын – 8Е сынып оқушысы Жанэлла Мирамова, 8В сынып оқушысы Дархан Темірхан, 8Е сынып оқушысы Азима Насырова, 8В сынып оқушысы Жақсыбек Мадияр.
ІІІ орын - 8А сынып оқушысы Інжу Мухамбедия, 7А сынып оқушысы Нұрсая Сәндібек, 7А сынып оқушысы Алтай Айбар, 8С сынып оқушысы Айлана Кимельбаева, 7А сынып оқушысы Маграм Нұрыасқан, 7А сынып оқушысы Махаббат Сантермирова иеленді.
Ал қалған сайыскерлер «Поэзия жанашыры», «Креативті оқу», «Актерлік шеберлік», «Рухты жас тұлға», «Айбынды жас өркен», «Романтика жыршысы», «Жүрек жаулаушы», «Көрермен көзайымы», «Көркем сөз көсемі», «Ақын ізбасары» атты номинациялармен марапатталды.