Жаңалықтар
Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Шымкент қаласында өткен «A Million Dreams» желілік арт-фестиваліне қатысты
01 қараша 2024 10:00
2024 жылдың 28-29 қазан аралығында «A Million Dreams» желілік арт-фестивалінде оқушылар өнердің түрлі бағытында бақ сынап, өз өнерлерін паш етті.
Еліміздің 22 мектебінен 300-ге жуық оқушы қатысып, әлеуметтік роликтер, бейнелеу өнері және театрлық қойылымдар, қолөнер, арт-фото сияқты бағыттар бойынша өнер көрсетті.
Жарқын фестиваль жас таланттардың жаңа қырын көрсетуге мүмкіндік берді. Шара қорытындысында үздік қатысушылар анықталып, арнайы марапаттарға ие болды.
Соның ішінде “Мюзикл” бағыты бойынша байқауда бақ сынаған оқушыларымыз Султан Темирбаев, Алина Саужанова, Алдияр Нугуманов, Жанэлла Мирамова, Бекзат Жакупжанов, Дамира Дихаева, Шахерезада Исламхан, Асель Атамуратова, Ұзақбай Жәнібек, Айдана Марденова, Асылхан Сақтапберген, Полина Косенко және София Цхай “Үздік аранжировка” номинациясында жеңімпаз атанды.
Жетекшілері Төленді Әлқожа, Гульвара Аскарова, Булат Есмухамбетов және Ардана Балабеков.
Біздің мектебіміздің жас суретшісі 10 «Е» оқушысы София Цхай кескіндеме бағыты бойынша «Хрустальная палитра» номинациясын иеленді. София Лев Толстойдың «Анна Каренина» романынан үзіндіні суреттеді.
Сайыс барысында жұмыстардың көркемдік идеясы, жаңашылдығы, техникалық орындау сапасы мен тақырыпқа сәйкес суреттелуі бағаланды. Жетекшісі – өнер пәнінің мұғалімі М.Махмутова.
Оқушыларды марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!