Жаңалықтар
Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде республикалық ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңі өтті
04 қараша 2024 11:00
Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде республикалық ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңіне еліміздің түкпір-түкпірінен NIS оқушылары жиналды. 29-30 қазан күндері оқушылар өз ғылыми жобаларын қорғады.
Байқауға 137 жоба ұсынылып, оған 200-ден астам оқушы қатысты. Олардың ішінде 63 жоба бойынша жүлделі орындарға ие болды.
Мектеп байқау қатысушыларына қызықты экскурсиялар, мәдени шаралар және зияткерлік ойындар ұйымдастырды, бұл шаралар шабыт пен тәжірибе алмасу атмосферасын қалыптастырды.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, барлық қатысушыларға ғылымды дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз.
Зерттеу жолында табыс пен жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!