logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Қостанай оқушылары “Idea Battle” стартап байқауында жеңіске жетті

05 қараша 2024 13:30

Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің TabQorTech командасы Astana Hub, Digital & Space министрлігі, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті және басқа да ірі ұйымдар ұйымдастырған “Idea Battle” байқауында 500 мың теңге көлемінде сыйақыны жеңіп алды.

TabQorTech командасының «TQ-Drone» жобасы арқылы ормандарды кесу мәселесін көтеріп, оны шешу жолын ұсынды. Жобаның жаңашылдығы мынада: дрон қол еңбегін ауыстыруға мүмкіндік береді, ағаш отырғызу және күту шығындары мен уақытын азайтады. Сонымен қатар, дрон көміртегі ізін қалдырмайды.

Команда мүшелері: Дидаров Алихан, Хасанов Мадияр, Бейсембай Ержан, Ибраева Сафия және Алпысбаев Асхат.

Сондай-ақ, НЗМ оқушыларының «Dream Toy» жобасы үшінші орын алып, 200 000 теңге сыйақы ұтып алды. Бұл жоба арқылы қайта өңделген темекі сүзгілерінен ойыншық жасап шығарылды.

Тазартылған және қауіпсіз материалдар жұмсақ ойыншық жасауға мүмкіндік береді. Бұл қалдықтарды азайтуға және бірегей, экологиялық таза ойыншықтар жасауға ықпал етеді.