Жаңалықтар
Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Исмагулов Миирхан Қайратұлы облыс әкімінің Құрмет грамотасына ие болды
11 қараша 2024 13:00
Цифрландыру күні мерекесі қарсаңында «Qostanai Digital Day – 2024» шарасы ұйымдастырылды.
Аталмыш шарада Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Исмагулов Миирхан Қайратұлы облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың Құрмет грамотасымен марапатталды.
Миирхан Кайратулы – Қостанай облысында алғашқы мектеп хакатонын ұйымдастырған ұстаз, оның жетекшілік еткен жобалары облыстық байқауларда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.
Лайықты марапатымен құттықтай отырып, болашақта да биік шыңдарды бағындыруына тілектеспіз!