logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Qostanay Digital Day-2024» аясында 200-ден астам белсенді жастар бас қосты

11 қараша 2024 10:00

«Qostanay Digital Day-2024» аясында 200-ден астам белсенді жастар жиналды. Шараға Қостанай облысының IT-қауымдастықтары, жетекші сарапшылар және жас ғалымдар қатысып, цифрлық және ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктерді дамыту және көрсету мақсатын алға қойды.

Жас дарындарымыздың жобалары:
- TQ-Drone – дронның көмегімен тұқым себуге арналған агротехнология.
- Onay-oqu – жоғары оқу орындарына түсуге көмектесетін веб-сайт.
- Ұстаз – қазақ тілін үйренуге арналған платформа
- Kazmentor – техникалық ғылымдарды оқытуға арналған ойын.
- Dream Toy– қайта өңделген материалдардан жасалған ойыншықтар.
- UnРerfect – тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жобасы.



Миирхан Исмагулов «AI – бизнес, білім және мемлекеттік құрылымдардағы өзгерістердің триггері» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.



Жас өнертапқыштарымызға «Qostanay HUB» резиденті сертификаты табысталды.