logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне алдын-ала сапармен халықаралық аккредиттеу жөніндегі CIS сарапшылары келді

12 қараша 2024 15:00

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне халықаралық акредиттеу процесі аясында CIS ұйымының сарапшылары алдын-ала танысу сапарымен келді. 

Қазіргі білім беру жүйесінде оқу сапасын жақсарту мен дамытуда әлем бойынша білім беру мекемелеріне кәсіби қолдау көрсететін коммерциялық емес ұйым – Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) ерекше орын алады.

Мектеп 2026 жылға жоспарланған қайта аккредиттеуге дайындықты бастап кетті. Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар мен білім беру процесінің жағдайын бағалау мақсатында ұйымның сарапшылары Мэтью Брэдли мен Габриэль Абад Фернандес келді.

Мектеп оқушылары олар үшін экскурсия ұйымдастырып, мектептің ішкі мазмұнымен таныстырды.

CIS сарапшыларының жұмысы 4 күнге созылады, осы уақыт ішінде олар мектеп қызметін мұқият зерттеп, сабақтарға қатысады, мұғалімдермен кездесулер өткізеді.

Сапар соңында сарапшылар мектепті қайта аккредиттеуге дайындау бойынша өз қорытындылары мен ұсыныстарын береді.