logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Биыл Қостанай қаласындағы іргелі білім ордасы – Назарбаев Зияткерлік мектебі (NIS) өзінің он жылдық мерейтойын атап өтті. 

11 желтоқсан 2024 11:00

Бұл уақыт аралығында мектеп білім беру саласында жаңа белестерді бағындырып, еліміздің жас ұрпағына сапалы білім мен шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерту бағытында маңызды жетістіктерге жетті. Оқушылар мен мұғалімдердің тығыз ынтымақтастығы, заманауи әдіс-тәсілдер мен халықаралық стандарттарға негізделген бағдарламалардың арқасында мектеп директоры Гульнара Дусказиеваның жетекшілігіндегі NIS-тің білікті педагогтер ұжымы шәкірттерін тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік аренада да лайықты түрде танытуда.

– Бүгінгі таңда Қостанайдағы NIS-те 702 оқушы білім алуда, ал 10 жыл ішінде мектепті 701 түлек тәмамдады. Шәкірттер жыл сайын республикалық және халықаралық деңгейдегі беделді олимпиадаларда жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанып келеді. Олардың қатарында Республикалық ғылыми жобалар конкурсы, Infomatrix Asia, S.T.A.P., Балтық инженерлік конкурсы, «Ғылым әлемін ашамыз», сонымен қатар Roboland сияқты жарыстар бар, – деп атап өтті мектеп директоры Г.Дусказиева.

Іргелі білім ордасының тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі – 2015 жылы пилоттық мектептер туралы меморандумға қол қойылуы. Бұл құжат өңірдегі білім беру ұйымдарымен жүйелі ынтымақтастықтың бастау алғанын көрсетті. Соңғы 10 жыл ішінде Қостанайдағы NIS 12 тірек мектепке әдістемелік қолдау көрсетіп, сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал етіп келеді.