Жаңалықтар
Қостанайдағы NIS оқушысы Халықаралық Еуразиялық олимпиадада жүлделі орынға ие болды
19 желтоқсан 2024 11:11
NIS Қостанай оқушысы Ершов Александр информатика пәні бойынша Халықаралық Еуразиялық олимпиадада ІІ орын алып, күміс медальмен марапатталды.
Бұл жетістік оның жоғары деңгейдегі білімі мен талантының, сондай-ақ ұстаздарының сапалы дайындығының нәтижесі екенін көрсетеді.
Александрды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа биіктерді бағындыруын тілейміз!