logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жетінші сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған «Берік отбасы» бағдарламасы аяқталды

23 желтоқсан 2024 14:14

📌 «Берік отбасы» бағдарламасы жеті аптаға созылды. Бағдарлама барысында қатысушылар күйзелісті басқару дағдыларын дамытып, құрдастарының қысымына қарсы тұруды үйренді, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, болашаққа деген оң мотивация қалыптастырды. Сабақтар барысында ата-аналар жасөспірімдер туралы ойларын ашық білдіріп, алынған ақпараттың күнделікті өмірдегі маңыздылығы мен пайдасын талқылады, өз көзқарастарымен бөлісті. Тренингтерде ата-аналар өз баласының көзқарасын түсініп, қабылдауды, дұрыс сөздерді таңдауды, мадақтау мен құшақтауды, сондай-ақ қарапайым ережелер арқылы жанжал жағдайларын шешуді үйренді. Болашақта отбасының барлық мүшелері бір-бірін тыңдай біледі деп сенеміз.

✨ «Берік отбасы» бағдарламасы аяқталған соң барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Бұл марапат жасөспірімдердің құрдастарының қысымына қарсы тұру және оны еңсеру жолындағы білімдері мен дағдыларына, сондай-ақ өз балаларын қолдап, көмек көрсететін, белгілі бір шектеулер қоя отырып сүйіспеншілік танытатын ата-аналарға деген құрметтің белгісі ретінде табысталды.